ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Степногорск қалалық мәслихатының тарихынан жалпы мәліметтер

1993 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңын қабылдап, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдарының қүрылымын күрт өзертті. Өкілді органдар – Мәслихат - Депутаттар жиналысы деп, ал жергілікті атқраушы органдар- жергілікті әкімшілік деп аталды. Әкімшіліктің жұмысын жергілікті әкімшілік басшысы басқарды.

Аумақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қалыптасқан жергілікті кеңестерден айырмашылығы, Мәслихат – Депутаттар жиналысы тек облыстарда, аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада сайланды. Олар қалалық аудандарда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық (селолық) округтерде құрылған жоқ.

Мәслихат – Депутаттар жиналысы өзінің құзыреті шегінде өзінің қызметін дербес атқаратын және жергілікті халықтың еркін білдіретін мемлекеттік органдар болып танылды.

Қазақстан Республикасында 1994 жылы 7 наурызда бірінші шақырылымдағы Мәслихат - Депутаттар жиналысының жергілікті өкілетті органдарына сайлаулары өтті (1994-1999 жж). Степногорск қаласында және оған бекітілген кенттерде 21 округ және 28 сайлау учаскелер құрылды. Қалалық әкімшілік басшысының шешімімен қалалық сайлау комиссиясы, округтік және учаскелік комиссиялар құрылды, олардың құрамында 490 адам жұмыс істейді.

Депутаттарға үміткелерді ұсыну барысында, 21 мандат бойынша барлығы 42 үміткер ұсынылды. 14 округ бойынша сайлаулар екі және одан көп үміткерлермен балама негізінде өткізілді. Тіркелген 42 үміткер ішіне қоғамдық ұйымдар – 24, өздігінен – 18 адам ұсынылды. Сайлауда 34 970 сайлаушылар қатысты, немесе тізімге қосылғандардың санынан 60,4 %. Сайланған депутаттар ішінде 2 жұмысшы, 18 басшылар, мемлекеттік қызметшілер, 1 әскери қызметші.

1994 жылы 24 наурызда қалалық сайлау комиссияның төрағасы В. Даниловтың төрағалығымен Степногорск қалалық Мәслихат – Депутаттар жиналысының бірінші сессиясының бірінші отырысы өтті.

Степногорск қалалық Мәслихат – Депутаттар жиналысының хатшысы болып Швед Валентин Александрович сайланды. Ол - ЦТКХК ТКМЗ басшысы.

Мәслихат – Депутаттар жиналысының депутаттық корпусының жұмысы әр түрлі және мазмұнды болды. Алғаш рет қала халқы депутаттық корпусты еркін сайлады, жаңа орган өкіметтің атқарушы органның алдында қандай да бір міндеттерден босатылды. Бұл көбінесе қалада өкіметтің екі саласы арасында дау – талас жағдайларға әкеп соқты.

1994 жыл Степногорск қаласы үшін маңызды жағдаймен аталды – қалаға 30 жыл толды. Қала экономикасының ахуалы зор пәрменімен тойлауға мүмкіндік берді, сонда да ірі қала салушы кәсіпорындардың қолдауының арқасында қалада шеру өтті, эстрада әртістерінің гала-концерттері болды. Қаланың мерейтойына арналып, Солтүстік Қазақстандағы әдемі қалалардың бірі – Степногорск қаласының пайда болу тарихы туралы әңгімелейтін «Здесь прописаны наши сердца» атты кітабы жарық көрді.

Степногорск қалалық Мәслихат – Депутаттар жиналысының бес жыл жұмысы бойы жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері дарытпаланған 412 қаулы қабылданды.

1999 жылы екінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау өтті. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып Рукавцова Нэля Ильинична сайланды, осыған дейін ол бірінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясын басқарды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізген кезде, мәслихаттар өздерінің «депутаттар жиналысы» деген қосымшасын жоғалтты. Депутаттар саны да олардың азаюына қарай өзгерді. 22 мандаттың ішінен Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Степногорск қаласында 13-і сақталды.

2004 жылы үшінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау өтті. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып Айғожин Есбол Қайыркешұлы сайланды, ол осыған дейін Степногорск қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Үшінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың сайлау қорытындысы бойынша алғаш рет қаланың шағын бизнесінің өкілдері сайланды: Смагин Алексей Петрович - «Сауда Үйі Кәсіпорны» ЖШС-нің бас директоры, Нұрбаев Ербол Ахайұлы - «Союзник» ЖШС-нің директоры.

2009 жылы қалада барлық елдегі сияқты төртінші шақырылымдағы депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық корпусқа жаңа тұлғалар енді: Көпеева Ғалия Банцатқызы, Лощинская Наталья Васильевна, Болатова Қалия Батықызы, Агеев Александр Михайлович, Казаков Кячеслав Геннадьевич, Гамастинов Салихжан Галимжанович, Сабыров Сапар Сабырович, Жаманбаев Дулат Ибрагимұлы.

Соңғы, 2012 жылғы қаңтарда өткен бесінші шақырылымдағы депутаттар сайлауында Степногорск қаласының депутаттық корпусы бұрынғы жұмысқа қабілетті депутаттар құрамында сақталып қалды.

Қазіргі шақырылымдағы 13 депутаттардың барлық 13-і «Нұр Отан» ХДП өкілдері. Екінші шақырылым бойы депутаттар бірауыздан қалалық мәслихаттың хатшысы ретінде Ғалия Банцатқызы Көпееваны сайлады. Ол – белсенді азаматтық ұстанымы бар адам, ақ көңіл мінезді және зор өмірлік тәжірибесі бар.

Бүгін, қалалық мәслихат әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша сайлаушылармен зор жұмыс жүргізуде. Депутаттар жыл сайын өздерінің округтері бойынша есеп береді, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мәслихатта өзінің электрондық мекен-жайы бар, онда барлық ниет білдірушілер өздерінің тілектері мен шағымдарын жолдай алады.

 

2016 жылғы 20 наурыз алтыншы шақырылымдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттағы 13 орынға 39 үміткер таласты. Сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинағандар «Нұр Отан» париясының өкілдері А. Қаршегенов, Ғ. Көпеева, В. Козейчук, А. Дүйсенов, Х. Шәкенов, Н. Подолько, Д. Балпанов, Н. Лощинская, О. Жағыпаров, Н. Морозова, А. Гетманов, С. Алпысбаев, Д. Жаманбаев болды. 2016 жылғы 28 наурызда өткен бірінші сессияда «Нұр Отан» партиясының фракциясы тіркелді және қалалық мәслихат хатшысы сайланды. Алтыншы шақырылымдағы мәслихат хатшысы болып бірауыздан Ғалия Көпеева сайланды. 2019 жылдың тамыз айында ол денсаулық жағдайына байланысты өкілеттілігінен босап, шақырылым соңына дейін қалалық мәслихат хатшысының міндетін Олжас Жағыпаров атқарды. Алтыншы шақырылым кезеңінде қалалық мәслихаттың 61 сессиясы өткізілді.

2021 жылғы 10 қаңтар жаңа сайлау моделі, партиялық тізімдер бойынша жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтері жойылды. Қалалық мәслихаттағы 12 орынға төрт саяси партия өз өкілдерін ұсынды. Сайлау қорытындысы бойынша 10 орынға «Nur Otan» партиясы, 1 орынға Қазақстан халық партиясы, 1 орынға Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ие болды. «Nur Otan» партиясы атынан Н. Әбілов, А. Аветисян, О. Волкова-Михальская, А. Гетманов, О. Жағыпаров, Х. Кабар, Т. Тоққұжинов,  З. Хабибуллина,  Б. Чирчикбаев, Л. Шүкірбай-қызы, Қазақстан халық партиясынан Д. Шило, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан Ж. Құсманов сайланғанды. Қалалық мәслихат хатшысы болып Х. Кабар сайланды.

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz