Степногорск қалалық мәслихатының депутаты О.А. Джагпаровтың пікірі

 

Елбасы «Әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді» - деп атап айтқан маңызды сәтте «жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындатын» Республика Президентінің жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауы жарық көрді.

Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейін біз ұлтаралық деңгейдегі құрметке, нәтижесінде бірқатар халықаралық ұйымдарға төрағалыққа, мүшелікке ие болдық. Елбасымыздың басшылығымен жұмыла жасаған ерен еңбектің жемісі - бүгінгі табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика, қалыпты әлеуметтік жағдай, ұлтаралық келісім мен татулыққа қол жеткіздік. Бірақ алдымызда әлі әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына ену сияқты үлкен мақсаттар тұр. Бұған жету жолында атқаруға тиісті он мақсаттық көрсеткішті Елбасы ағымдағы жылғы халыққа Жолдауында нақтылап берді. Соның бірі Ақмола облысының өндірістік көшбасшысы саналатын өңіріміздің бұдан әрі гүлденуі үшін кәсіпорындардың заман талабына сай дамуы мен ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту біз үшін аса маңызды мәселе болып табылады деп есептеймін.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында білім беру саласын модернизациялау, білім сапасын арттыру мәселесіне ерекше назар аударды. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» - деп атап өтті Елбасы. Және осы, жастарыдың заман талабына сай сапалы, кәсіби, жаңа технологиялық қалыпқа дайын, бәсекеге қабілетті болуы үшін ақарылуға тиісті қажетті шараларды белгілеп берді. Бір адам немесе бір топтың еңбек етуі арқасында бұл мақсаттардың барлығына қол жеткізу әрине мүмкін емес, ол үшін барлық халық болып жұмылуымыз қажет, Елбасы сөзімен айтқанда «тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек».

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz