Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы жұмысы туралы есеп

Коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жыл барлығымызға да оңай болған жоқ. Бүкіл әлемді шарпыған індет біздің өміріміз бен жұмысымызға да өзгеріс енгізді. Тұрақты шектеулер мен тұрғындардың өзара қарым-қатынастарының төмендеуіне байланысты өткен жылдармен салыстырғанда депутаттық қызметте де белгілі бір деңгейде тоқырау байқалады.

Есепті кезеңде қалалық мәслихат 13 сессия, оның ішінде 10 кезектен тыс сессия өткізіліп, оның жартысынан көбі online режимінде жүзеге асырылды.

Қала бюджетін бекіту және нақтылау, әлеуметтік тұрғын үй көмегін көрсету және қолдау, жергілікті қоғамдастықтың жекелеген жиындарын өткізу, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды айқындау мәселелерін реттейтін 24 нормативтік құқықтық сипаттағы 75 шешім қабылданды.

Өткен жылғы сессияларда өлке үшін маңызды келесі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды:

- 2019 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту;

- қала әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебін тыңдау;

- Степногорск қаласын ықшамдап салудың кешенді жоспарын бекіту;

- 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетін қабылдау.

Негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде депутаттар тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар берді.

2019 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы мәселесін қарау кезінде:

1) қала әкімдігі жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету;

2) экономика және қаржы бөлімі бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлауға және нәтижелерге қол жеткізуге назар аудару;  ағымдағы жылға арналған қала бюджетін жоспарлау кезінде және оның орындалуы барысында Тексеру комиссиясының ұсынымдарын ескеру;

3) кәсіпкерлік бөліміне 2016-2020 жылдарға арналған Степногорск қаласы аумағын дамыту бағдарламасының объективті және сапалы мониторингін жүргізу;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аудару ұсынылды.

Қала әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебінің қорытындысы бойынша мәслихат келесі ұсынымдар жасады:

1) мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде барлық индикаторлар мен көрсеткіштерді орындау жөніндегі жұмысты жалғастыру;

2) қала экономикасы жағдайына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастыру, өндірісте, орта және шағын бизнесте жұмыс істейтін тұрғындардың санының қысқаруына жол бермеу;

3) азық-түлік тауарлары мен күнделікті қажетті тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қолдану;

4) қала және кенттердің инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмысты жалғастыру.

Сондай-ақ, төртінші деңгейдегі бюджеттердің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін салық базасын кеңейту бойынша кенттер мен ауылдардың әкімдеріне жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Алда өткізілетін сессиялардың мәселелері мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырыстарын өткізу барысында қаралды.

Өткен жылдың басында хатшының м.а. және мәслихат депутаттары Әкімдердің тұрғындар және еңбек ұжымдары алдындағы есеп беру кездесулеріне қатысты. Осы уақытта депутаттар сайлау округтерінде есеп беру кездесулерін өткізіп, мәслихаттың өткен жылғы жұмысы және ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы сайлаушыларды хабардар етті.

Сондай-ақ, депутаттар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалы директорының есеп беру кездесуіне қатысып, өңір кәсіпкерлерінің бірқатар мәселелерін тыңдап, талқылады.

Қалалық мәслихат хатшысының м.а. О.А. Жағыпаров қала басшылығымен бірге «Горняк» ОМС өткен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне қатысты. 70-тен астам азамат түрлі мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен қызметтердің басшыларына жүгінді. Абаттандыру, жұмысқа орналастыру, тұрғындарға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша сұрақтар жиі қойылды.

Ақпан айының соңында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Ж. Ілиясов Степногорскке жұмыс сапарымен келді. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен танысқаннан кейін, ведомство басшысы депутаттық корпуспен кездесіп, өңірдің денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелерін талқылады, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Өткен жылы экология мәселелері өткір талқыланды, мәслихат хатшысының м.а. О.А. Жағыпаров қала аумағында ПХД қалдықтарды орналастыру және сақтауға байланысты мәселелерді шешуде белсенділік танытты. Қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары халықтың еркін білдіре отырып, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, қала жұртшылығының қала аумағынан ПХД қалдықтарын жедел шығару туралы ұсынысын қолдады, бұл туралы депутаттық корпустың қала тұрғындарына және барлық мүдделі тараптарға ресми түрде үндеуі барлық жергілікті БАҚ-та жарияланды.

Сондай-ақ депутаттар Ақсу өзені мен саяжай массивінің жанында алтын өндіру кен орнын игеру және «Adelya Gold» ЖШС фабрикасын салу мәселесін  талқылауда да шет қалмай, кент тұрғындарымен өткізілетін кездесулерге қатысты.

Депутаттар экология мәселесімен қатар жылу желілерінің жағдайы толғандырды. Магистральдық және орамішілік желілерде үлкен жылу шығындарына әкелетін физикалық тозуы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің негізгі проблемасы болып отыр. Осыған байланысты депутаттық корпус Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің атына жылумен жабдықтау желілерін қайта құру мен жаңғыртуды жүргізуге арналған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаражат іздестіру мүмкіндігі туралы хат жолдады.

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдауы бірінші тоқсанда ғана жүргізілді. Елде Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. «Nur Otan» партиясы филиалының деректеріне сәйкес бірінші тоқсанда халық қалаулылары 12 азаматты қабылдады, проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу үшін 35 адам өтініш білдірді, оның ішінде 26-сы немесе келіп түскен мәселелердің жалпы санының 74 % оң шешімін тапты, 9 сұраққа түсініктемелер берілді. Өтініштер негізінен тұрғын үй мәселелерімен, жұмыспен қамту, абаттандыру, материалдық көмек көрсету, зейнетақы мөлшерін қайта қараумен байланысты.

Сондай-ақ, депутаттық сауалдар түріндегі жұмыс форматы қолданылады, өткен жылы олардың 7-і жолданды, олардың ең көбі ТҮКШ мәселелеріне жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жіберілді. Әдеттегідей сұраныстардың басым бөлігі тұрғын үй қоры және абаттандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу мәселелерімен байланысты.

«Қазақалтын» ТКМК» АҚ қала құраушы кәсіпорнын одан әрі дамыту проблемаларының бірі Ақсу кенті халқын тұрғын үйлер орналасқан аумақтан Степногорск қаласына көшіру болып отыр. Осы мақсатта қала әкімдігі қалада екі шағын ауданды жобалау үшін Алматы қаласынан «Урбостиль» ЖШС мамандандырылған компаниясын тарту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Мәслихат депутаттары қала әкімімен бірлесіп, қалада қалыптасқан сәулет стилін сақтай отырып, 5, 9 және 12 қабатты үйлерді одан әрі салудың перспективаларын талқылады.

Депутаттар қала әкімдігі жанынан құрылған консультативтік-кеңестік органдардың жұмысына қатысады және ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді қарау жөніндегі 20-ға жуық кеңестер мен комиссиялардың құрамына кіреді. Мәслихат хатшысының м.а. қала әкімінің жедел кеңестерінің жұмысына, әкімдік отырыстарына, өзге де іс-шараларға қатысып, сол арқылы мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихаттың атынан өкілдік етті.

Сайлаушыларды мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттандыру мақсатында мәслихаттың шешімдері, өзге де материалдар, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарында және мәслихаттың интернет-ресурстарында орналастырылды. Есепті кезеңде қалалық мәслихаттың maslihat-step.akmol.kz интернет-сайтында, Facebook парақшасында, «Вечерний Степногорск», «Степногорск ақшамы», «Престиж», «Новая» газеттерінде мәслихат жұмысы, хатшы мен депутаттардың қызметі туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде 60-қа жуық жарияланым орналастырылған.

Депутаттарға әдістемелік көмек көрсету және оларға қажетті құқықтық ақпарат алу үшін 2020 жылға «Мәслихат» журналына жазылу рәсімделді.

Депутаттық қызмет барысында бюджетті қалыптастыру, оның орындалуы, сондай-ақ оған өзгерістер енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Мәслихат сессиясында 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті қабылдау алдында депутаттардан құрылған жұмыс тобы оны зерттеу рәсімін жүргізді, содан кейін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында бюджет жобасын талқылады.

Қаланың экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өткен жылдың соңында депутаттар Степногорск қаласының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.

Депутаттар коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға көп үлес қосты. Президенттің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығын орындау шеңберінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Депутаттар өз кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмысшыларды қорғау құралдарымен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етті, карантиндік іс-шараларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Депутаттар инфекциямен күресте алдыңғы қатарда тұрған адамдар, біздің медицина қызметкерлерін көлікпен, азық-түлікпен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде ерекше көмек көрсетті.

Қалалық мәслихат депутаттары «Мектепке жол», «Саланы мектепке жинайық», «Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар айлығы» дәстүрлі акцияларына белсене қатысты. Депутаттар аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға киім, портфельдер, кеңсе жабдықтарын, сондай-ақ жалғыз тұратын зейнеткерлер мен көп балалы отбасыларға арналған азық-түлік жиынтықтарын сатып алды.

Жалпы 2020 жылдың қорытындысы бойынша қалалық мәслихат пен қала әкімдігінің қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін шешудегі бірлескен жұмысының оң динамикасын атап өтуге болады.

 

 

Қалалық мәслихат аппараты

 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz