Новости : Қоғамдық кеңес отырысы

 

4 ақпан «Горняк» ОМС шағын залында қала әкімі Еркебұлан Баяхметов қоғамдық кеңес мүшелерін Степногорск қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырды. Өз баяндамасында қала басшысы жыл қорытындысы бойынша Степногорск аймағы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқынына ие болғанын атап айтты. Ақмола облысы өндірістік өнімі жалпы көлемінің 19,2 % қаламызға тиесілі.

Қалалық мәслихат хатшысы Хайрым Кабар негізгі баяндама бойынша өз пікірін білдіріп, қала әкімінің есебін мақұлдауды және бекітуді ұсынды.

Бұған қоса, отырыс барысында қала қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды, ол – бесінші және алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты, Степногорск қаласының құрметті азаматы Владимир Козейчук.

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz