Новости : Жетінші шақырылымның бірінші сессиясы өтті

15.01.2021

Бүгін «Горняк» ОМС жетінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының бірінші ұйымдастырушылық сессиясы өтті. Оны қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Семенюк ашты. Сайлау комиссиясының басшысы сайлау нәтижелерін жариялады және депутаттар мен барлық қатысушыларды сайлау компаниясының аяқталуымен құттықтады, жаңа сайланған жетінші шақырылым депутаттарына депутат куәліктері мен белгілерін табыстады. Сайлау қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттағы 12 орынның 10-на «Nur Otan», 1-не «Ақ жол», 1-не ҚХП ие болды.
Депутаттардың ұсынысы бойынша жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат хатшысы болып бірауыздан 1973 жылы туған Қабар Хайрым сайланды. Бұған дейін ол мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің оқу-әдістемелік орталығын басқарған. Сонымен қатар депутаттар қалалық мәслихаттың үш тұрақты комиссиясын құру туралы шешім қабылдады, олар: экономика және бюджет жөніндегі, әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық, құқықтық тәртіп және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар.
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Татьяна Волчек жетінші шақырылым депутаттарын Степногорск қаласы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен таныстырды.
Сессия соңында қала әкімі Еркебұлан Баяхметов алтыншы шақырылымдағы депутаттық корпусқа бірлесіп атқарған жұмыс үшін алғыс айтып, қала халқы игілігі жолында биліктің екі тармағының бірлескен жұмысы жалағасатынына сенім білдірді.

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz