Новости : Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер назарына!

09.10.2020

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 20-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге 2020 жылғы 9 және 24 қазан аралығында бұрын сайланған учаскелік және аймақтық сайлау комиссияларының құрамдарын нақтылау және сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнын толтыру, сондай-ақ Конституциялық Заңның 17-бабы талаптарына сәйкес мүшелері саны артқан комиссияларға мүшелерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің тізімдерін нақтылай алады және 2020 жылғы 24 қазанға дейінгі мерзімде оларды алмастыру бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады. Қосымша ақпаратты қалалық мәслихат аппаратының № 64 кабинетінде, Степногорск қ., 4 ш/а., 1 ғимарат мекенжайы бойынша немесе 8 (716-45) 6-26-67, 6-26-50 телефондары арқылы алуға болады.

Қалалық мәслихат аппараты

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz