Новости : Депутаттар сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлады

10.01.2019

10 қаңтарда Асқар Дүйсеновтың төрағалығымен алтыншы шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының отыз сегізінші (кезектен тыс) сессиясы өтті. Сессияның жұмысына қаланың әкімі Еркебұлан Баяхметов қатысты. Қалалық мәслихаттың хатшысы Ғалия Көпеева депутаттарға бір ай ішіндегі сайлау комиссияларының қалыптастыру бойынша жұмыс тобымен жүргізілген жұмысы туралы ақпаратты ұсынды. Сайлау комиссиясының жұмысына барлығы 236 адам тартылды, оның ішінде 34 ерлер және 202 әйелдер. Комиссиялар «Нұр Отан» партиясын, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясын, Қазақстанның Коммунистік Халық партиясын, «Ауыл» Халық-демократиялық партиясын, «Бірлік» саяси партиясын ұсынды. Сайлау комиссияларының құрамын сайлағаннан кейін, депутаттар сессияда қала әкімдігінің жанындағы кейбір комиссияларының құрамын бекітті және оларға өзгерістер енгізді.

 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz