Новости : Калалық мәслихаттың 39-шы сессиясы өтті

14.02.2019

14 ақпанда Асқар Дүйсеновтың төрағалығымен алтыншы шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Қарлығаш Гафарова депутаттарды Степногорск қаласындағы 2017-2018 жылғы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы хабардар етті. Депутаттар қаладағы мемлекеттік органдармен жүргізген жұмысына оң баға берді.
Жарыссөзде қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Хаджымұрат Шәкенов негізгі баяндамаға сөз сөйледі.

 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz