Қалалық мәслихаттың 2013 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

 

2013 жылы қалалық мәслихатпен 11 сессия өткізілді, 90 шешім қабылданды, оның 13 2013 жылға арналған қала бюджетін нақтылау, ауылға жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, тіркелген салықтың біріңғай ставкаларын, бейбіт жиналыстар және митингтер өткізу тәртібін қосымша реттеуді, аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін ұсыну қағидаларын,  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету қағидасын, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне материалдық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар белгілеу мәселелерін қамтитын нормативтік құқықтық сипатта.

Жыл барысында мәслихат сессияларында аймақ үшін әлеуметтік маңызы бар келесі мәселелер қаралды:

-         Степногорск қаласында Жұмыспен қамту 2020 республикалық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы;

-         Степногорск қаласындағы білім беру жүйесінің ахуалы мен даму болашағы;

-         Әкімнің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы есебі;

-         2011-2015 жылдарға арналған Степногорск қаласы аумағын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы.

Қала аумағына Изобильное, Қырық Құдық және Бөгенбай селолық округының кіруіне байланысты Степногорск қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымын және шекарасын өзгерту бойынша шешімдер қабылданды.

Жыл барысында қалалық мәслихаттың 3 тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарларына сәйкес 13 мәжіліс өткізіліп, төмендегі мәселелер қаралды:

-         Әкімшілік салықты жақсарту шаралары және қала салық базасын кеңейту перспективасы туралы;

-         2012 жылғы I, II, III тоқсандағы қала бюджетін орындау қорытындылары;

-         Әлеуметтік маңызды тауарларға және азық - түліктерге тұрақты баға шаралар және жағдайы туралы;

-         Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын Степногорск қаласындағы ұйымдарында және кәсіпорындарында сақтау туралы;

-         Степногорск қаласында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдына алу жұмысы бойынша және қылмыстық жағдай туралы;

-         Степногорск қаласы аумағындағы діни бірлестіктер қызметі туралы;

-         Степногорск қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз ету бойынша жұмыс туралы;

-         Қорғаншы және қамқоршылыққа мұқтаж балаларды есепке алу бойынша жұмыс туралы.

Мәслихат депутаттарымен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен бірге тиісті жұмыс атқарылады.

2012-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен Моноқалаларды дамыту және үдемелі индустриалды-инновациялық даму республикалық бағдарламалары аясында атқарылатын Степногорск қаласында құрылыс, қайта жөндеу және жөндеу бойынша жобаларды жүзеге асыруды бақылау бойынша құрылған 27 партиялық бақылау бекетінің жұмысы ұйымдастырылды.

Жобаларды жүзеге асыру мерзімінде депутаттар-партиялық бақылау бекеттерінің мүшелері объектілерге шығып, атқарылып жатқан жұмыс мерзімдері және сапасын қадағалау, шарттық міндеттемелерді сақтау, бюджет қаражатын уақытылы игеру және өзге де мәселелер бойынша мердігерлермен, тапсырыс берушілермен кездесті. Бұдан әрі партиялық бақылау комиссияларының отырысында барлық мүдделі тараптардық қатысуымен атқарылған жұмыс қорытындылары қаралды.

2013 жыл барысында депутаттарға мәселелерінің шешімін табуда қолдау көрсетуді сұраған 406 адам жүгінді. Өтініштер негізінен тұрғын үй, балабақшадан орынның болмауы, жұмысқа орналастыру, қиын өмірлік жағдайға байланысты қаржылай көмек көрсету, зейнетақының төменгі деңгейі және өзге де мәселелер бойынша.

2013 жылы қала және облыс мемлекеттік органдарының басшыларына, кәсіпорындар, ІІБ және өзге де ұжымдар басшыларына тұрғын үй-коммуналдық сипаттаға, қаланы және аймақты абаттандыру мен олардың санитариясын қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, кенттер көшелерін жарықтандыру және басқа да мәселелер бойынша 45 депутаттық сұраныс жолданды.

2013 жылғы 29 және 30 шілде мәслихат депутаттарының аймақ елді мекендерінің әкімдеріне үміткерлермен кездесулер өтті. Әкімдікке үміткерлер кенттер және ауылдарды дамытудың жоспарларын, кәсіпкерлікті дамыту болашағын, қиын мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

2013 жылғы 8 тамыз ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген  селолық огругтер, кенттер және ауылдар әкімдері қызметіне сайлау ережелеріне сәйкес әкімдер сайлауы өтті.

Қаланың атқарушы органдарымен бірлескен жұмыс аясында мәслихат депутаттары қала әкімдігі жанында құрылған консультативтік-кеңестік органдар жұмысына кіреді және ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді талдау бойынша 20 кеңес пен комиссия құрамына мүше. 

Қалалық мәслихат депутаттары ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Ж. Жалмағамбетовамен  тұрақты түрде байланыста.

Мәслихат депутаттары қала қоғамдастығымен бірге коммуналдық қызметтер бойынша тарифтік саясат, қала кәсіпорындарымен жоспарланған жобалардың қоршаған ортаға әсері бойынша жария тыңдауларға және т.б. іс-шараларға қатысады.

 Ағымдағы жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жанындағы сараптамалық кеңесінің құрамына «Биокорм» ЖШС директоры Н.В. Лощинская, «Нұр Орда» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.И. Рукавцова, мәслихат хатшысы Ғ. Көпеева кірді.

Қалалық мәслихат депутаттары мүмкіндіктерінше өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарға, көп балалы отбасыларға, қала және кенттердегі әлеуметтік маңызды іс-шаралар, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізуге демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетеді. Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне, Қарттар мен мүгедектер күніне орай өткізілетін іс-шаралар аясында да қалалық мәслихат депутаттары қажетті көмек көрсетілді.

Назарларыңызға рахмет. 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz