Қалалық мәслихат хатшысы Х. Кабардың 04.02.2021 ж. қала қоғамдық кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі

 

Құрметті Еркебұлан Еркешұлы!

Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері!

 

Бүгін Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес қала әкімінің Степногорск қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін тыңдадық.

Коронавирус пандемиясы салдарынан қалада енгізілген бірқатар шектеу шараларына байланысты өткен жыл қаламыздың экономикасы үшін жеңіл болмады, бірақ, осыған қарамастан біз Ақмола облысындағы өнеркәсіптік өндіріс деңгейі бойынша өз орнымызды сақтап қалдық. Жыл басынан қала кәсіпорындары 195,8 млрд. теңгеге тауар өнімдерін өндірді, бұл 2019 жыл деңгейімен салыстырғанда 118,1 % құрайды.

2020 жыл қорытындысы бойынша қала бюджетіне барлық деңгейдегі кәсіпорындардан 31 млрд. теңгеден астам қаражат түсті, бұл өткен жыл деңгейімен салыстырғанда 124,5 % . Қала бюджеті 2019 жылмен салыстырғанда 110,9 % атқарылды, қала бюджетіне 4,1 млрд. теңге түсті.

Жекелеген қиындықтарға қарамастан қалада тұрғын үй құрылысы және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін реконструкциялау жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр. 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жыл деңгейімен салыстырғанда 128,1%.

Өткен жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында су тазарту жүйелерінің реконструкциясы аяқталды, 0 км-ден 5,8 км дейін «Степногорск - Өндірістік аймақ» автожолын орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Бестөбе, Ақсу, Заводской кенттері көшелерін жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың әлеуметтік саласын уақытылы қаржыландыру 2020 жылы қала басшылығының аймақ халқы алдындағы барлық міндеттерін атқаруға мүмкіндік берді.

Қала әкімінің Степногорск қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін мақұлдауды және бекітуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz