Бесінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Ғ. Көпееваның 2012 жыл бойы атқарған жұмысы туралы есеп беруі

Уәде іспен берік...

 

Бесінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Ғ. Көпееваның 2012 жыл бойы атқарған жұмысы туралы

ЕСЕП БЕРУІ

 

1. Жалпы мәлімет

2012 жылғы 15 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша Степногорск қалалық мәслихатына 13 депутат сайланды, оның ішінде 4-уі әйелдер. Сайланған 13 депутаттардың барлығы «Нұр Отан» ХДП мүшелері болып келеді. 2012 жылғы 23 қаңтардағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясында «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы тіркелді, оған 12 депутат кірді. Осы сессияда Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы сайланды, әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы бойынша, заңдылық, құқықтық тәртіп пен депутаттық этика бойынша, әлеуметтік мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың үш тұрақты комиссиясы құрылды.

Бесінші шақырылымдағы Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы лауазымында 2012 жылғы 23 қаңтардан бері жұмыс атқарып келемін, осыған дейін төртінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың хатшысы лауазымында болдым.

 

2. Мемлекеттік органдармен және

қоғамдық бірлестіктермен жұмыс

Қалалық мәслихаттың хатшысы ретінде Степногорск қаласы әкімінің апта сайынғы жедел кеңестеріне, қала әкімдігінің отырыстарына, Ақмола облысының әкімі өткізетін селекторлық кеңестерге қатысып отырдым. Қала құрылысы кеңесінің, Төтенше эпидемиологияға қарсы комиссияның, тіл саясаты жөніндегі комиссияның, қалалық бюджет комиссиясының, жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның мүшесі болып келемін. 2012 жыл бойы жоғарыда баяндалған барлық комиссиялар мен кеңестерге қатыстым.

Жыл бойы кеңестерде ЖСҚ әзірлеуге және қаладан Пригородный кентіне жолды жарықтандыруға қосымша қаражат бөлу, 1,2-шағынаудандарды санитарлық тазалау мен абаттандыру, қаланың 1,2,4,7-шағынаудандарының тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп отырдым.

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылаудың қалалық комиссиясының мүшесі ретінде партиялық бақылау комиссиясының барлық отырыстарына қатыстым, 14 рет партиялық бақылаудың объектілерінде болдым (№ 1,5 балалар бақшаларының, №7,8 орта мектептердің төбелерін жөндеу, Мира көшесін күрделі жөндеу, 7-шағын ауданда салынып жатқан балалар бақшасы, қала-Шоқы 305 суық сумен жабдықтаудың бас желісін, Ақсу к., Алтынтау ст. кентер ішілік желілерді күрделі жөндеу).

Ақмола облысының Әйел-саясаткер клубының мүшесімін, клуб жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшін сайт құру мәселесіне бастамашылық еттім.

Әлеуметтік маңызды азық-түліктер мен дәрі-дәрмектердің бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша топтың құрамындамын. Жыл бойы бес рет 1,2,3 және 4-шағын аудандардағы сауда орындары мен дәріханаларға рейд жасауда қатыстым.

2012 жылғы наурыз айында қалалық емханаға мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін көтергіштер бөлу және емханадағы жеделсатыны жөндеуге қаражат бөлу мәселесі жөнінде облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында сөз сөйледім. 2012 жылы көтергіш алынды, 2013 жылы қаланың емханасына жаңа жеделсаты сатып алуға 8,2 млн.теңге бөлінді.

2012 жылғы 10 қарашада жылу, тоқ қуаттарын беру мен өндіруге тарифтің өсуі жөнінде қуатпен жабдықтайтын ұйымдардың өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдалымға қатыстым. Көкшетау қаласында 19 қарашада Ақмола облысы бойынша ТМРА басқармасының жанындағы Сараптау кеңесінің отырысына қатысып, қолданыстағы тарифтерді көтеруге келтірілген негіздермен және дәлелдемелермен келіспейтінімді білдірдім. Ақмола облысы бойынша ТМРА басқармасына 2011 жыл бойынша қаланың қуатпен жабдықтайтын ұйымдарының тарифтік сметаларды орындаулары туралы есеп беруді өтінумен сұрау дайындадым. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша орташа өлшенген тариф 2013 жылдың басында бұрынғы деңгейде қалдырылды.

 

3. Степногорск қалалық және Ақмола облыстық мәслихаттарының тұрақты комиссияларының жұмыстарына қатысу

Қалалық мәслихаттың 12 сессиясын, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 8 отырысын өткізуді дайындым және қатыстым. Көкшетау қаласына барып, Ақмола облыстық мәслихатының 8 сессиясының 7-уіне қатыстым. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірнеше отырыстарында қалаға: қаланың 5-шағын ауданындағы балалар бақшасының ғимаратын күрделі жөндеуге, қалалық емханасының жеделсатыларын жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге қосымша қаражаттар бөлу туралы мәселелерді көтердім. Қалаға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыстарды жүргізуге сәулет-құрылыс бақылау басқармасының маманын беру мәселесін көтердім.

Ақмола облысының аудандық (қалалық) мәслихаттардың хатшыларының үйлестіруші кеңесінің мүшесі болып келемін, жыл бойы барлық отырыстарға қатысып, аудандық және қалалық мәслихаттардың сайттарын құру, АҚАБЖ бірыңғай ақпараттық жүйесіне аудандық (қалалық) мәслихаттардың аппараттарын қосу мәселелерін көтердім.

Қалалық мәслихаттың хатшысы ретінде түрлі мемлекеттік органдарға халықты әлеуметтік қамсыздандыру, сапалы коммуналдық қызметтер, азық-түлік тауралар мен дәрі-дәрмектер бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу, зейнетақылар мен жәрдемақыларды қайта есептеу, еңбек заңнамасын сақтау мәселелері жөнінде сұраулар дайындадым және жолдадым. Апта сайын (сәрсенбі күндері) жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдаймын және депутаттық қызмет аясында сайлаушылардың түйінді мәселелерін шешуге жәрдемдесемін.

Қалада Ерікті халық жасағын құру бойынша меморандум дайындау мен қол қоюды бастамашылық еттім, ҚІІБ басшылығымен бірлесіп, қалада ЕХЖ ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргіздім.

Қалалық мәслихат депутаттарының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары С. Жалмағанбетовамен және Ж. Ерғалиевпен кездесулерді ұйымдастыруда және өткізуде қатыстым. Қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен жергілікті тауар өндірушілерді жоғары бағалау бөлігінде мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнаманы жетілдіру, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын техникалық тексерістен өткізу механизмін жетілдіру, Қарабұлақ ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөніндегі мәселелер бойынша ҚР Үкіметінің және Парламентінің депутаттарына үш өтініш әзірлеп жолдадым.

 

4. № 2 сайлау округінің және басқа сайлау округтерінің сайлаушыларымен жұмыс

№ 2 сайлау округінің депутаты ретінде апта сайын өз сайлау округім бойынша халықпен кездесулер жүргіземін, «Самұрық» ҮЖМИК басшылығымен кездесіп тұрамын, коммуналдық мәселелерді және сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жәрдемдесемін. 2012 жылдың қорытындысы бойынша қаланың 139 тұрғынын қабылдадым. Тұрмыстық және әлеуметтік мағынадағы 97 мәселені оң шешуге жәрдемдестім.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, төлем орталығының зейнеткерлерді, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды, әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж тұлғаларды есепке алу және әлеуметтік қолдау жөніндегі қалалық бөлімшесімен тұрақты өзара әрекеттесемін.

2013 жылғы 1-қаңтарда 2-шағынауданда 1058 адам тұрып жатыр, соның ішінде 9 ҰОС қатысушылары. 2012 жылы әлеуметтік қызмет көрсетуде 26 адам болды, 173,3 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмекті 5 отбасы алды. Балалар жәрдемақысын 718,4 мың теңге мөлшерінде 26 отбасы алды. Тұрғын үй көмегін 2 590,8 мың теңге мөлшерінде 98 отбасы алады. 2012 жыл бойы қалалық бюджеттен 2-шағынауданның 45 тұрғынына Степногорск қалалық мәслихат сессиясының шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы (төлем) төленді.

2012 жылғы қыркүйек айында жыл сайынғы «Мектепке жол» акцияға (№2 ОМ оқушысына материалдық көмек көрсеттім), Степногорск балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған акцияға қатыстым.

2-шағын аудандағы № 41 үйдің зейнеткерлеріне ТҮКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кондоминиум тіркеу үшін жер телімін ресімдеуде материалдық көмек көрсеттім.

2012 жылғы қазан айында қарт адамдар айлығы кезінде 15 зейнеткерлермен және 2-ш/а мүмкіндіктері шектеулі тұрғындарымен дәмханада кездесу өткізіп, азық-түлік жиынтығын табыс еттім.

2-шағынауданда тірек пунктін ашу үшін металды есік орнатуға және № 3 жатақханада телефон орнын ашуға демеушілерді тарттым.

Ардагерлер аллеясында екінші және іргелес жатқан шағын аудандар тұрғындары үшін әдебиетпен алмасу бойынша демеушілердің қолдауымен кітапты модуль ашуға себепші болдым.

Жыл сайын қан тапсырамын және қала халқын ерікті ақысыз қан тапсыру жөнінде донорлық акцияларға қатысуға шақырамын.

2012 жылғы қаңтар айында екінші шағынауданның халқымен есепті кездесу өткіздім, қалалық мәслихаттың депутаты ретінде № 2 ОМ «Самұрық» ҮЖМИК жұмысшыларымен Елбасының жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткіздім.

 

Қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ. Көпееваның 06.02.2013 ж. «Горняк» ОМҮ-де тұрғындармен есеп беру кездесуінде сөз сөйлеуі 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz