Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылы атқарған жұмысы туралы

Өткен мерейтойлық жыл Степногорск үшін, экономика дамуының динамикасы мен тұрақтылығымен аталып өтті. Жергілікті атқарушы және өкілді билік органдарының бірлескен жұмысының арқасында, өңірдегі барлық қала шаруашылығы салаларының тұрақты дамуының оң динамикасы аталып өтті.

Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы жұмысы Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына жүзеге асырылды.

Есептік кезеңінде қалалық мәслихатпен 11 сессия өткізілді, оның 7 кезектен тыс. 91 шешім қабылданды, оның 14-ті нормативтік құқықтық сипатқа ие бюджетті бекіту, нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету және қолдау мәселелерді реттейді.

Өткен жылдың барысында сессияларда аймақ үшін аса маңызды мәселелер бойынша шешімдер қаралды және қабылданды, олар:

- Степногорск қаласында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

- 2018 жылға арналған қала бюджетін атқару туралы жылдық есепті бекіту;

- қала аумағын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу;

- қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөнінде есебін тыңдау;

- 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджетін қабылдау.

Негізгі мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау барысында депутаттар сәйкес ұсынымдар мен ұсыныстар берді.

«Степногорск қаласында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» мәселені қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды:

1) қала әкімдігі, сондай-ақ Ақсу, Бестөбе, Шаңтөбе кенттерінің және Қарабұлақ ауылының әкімдері микрокредит алу үшін белсенді тұрғындарды тарту бойынша жұмысты жандандыру;

2) Ақсу кентінің және Изобильный мен Қарабұлақ ауылдарының әкімдері жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты күшейту;

3) Жұмыспен қамту орталығы және басқа жауапты органдар тиісті білім алуға болатын оқу орындарын көрсете отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие болған мамандықтар туралы кәсіпорындар бөлінісінде мамандықтарға сұраныс пен ұсынысты болжауға, кейіннен халыққа хабардар етіп (әсіресе, 9-шы және 11-ші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары) үнемі мониторинг жүргізу.

2018 жылға арналған қала бюджетін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы мәселені қарау барысында ұсыныстар жасалды:

1) қала әкімдігі жергілікті бюджет түсімдері жоспарын толық және сапалы атқаруды қамтамасыз етсін, кіріс бөлігін толтыру, салық салу базасын кеңейту бойынша жұмыс жүргізу;

2) қаланың экономика және қаржы бөлімі бюджеттік бағдарламаларды атқару қорытындыларын жоспарлауға және қол жеткізуге назар аударсын, ағымдағы жылдың қала бюджетін жоспарлау мен атқару барысында Тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескеру;

3) кәсіпкерлік бөлімі 2016-2020 жылдарға арналған Степногорск қаласы аумағын дамыту бағдарламасына объективті және сапалы мониторинг жүргізу;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражаттарын мақсатты және тиімді игеруді бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттерді сапалы игеруге ерекше назар аудару.

Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөнінде есебінің қорытындысы бойынша мәслихат ұсыныстар жасалды:

1) Елбасының жыл сайынғы Жолдауы және сайлау алды бағдарламасы аясында республикалық, салалық және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру;

2) қала және кенттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері мен индикаторларын ұстап тұру және бұдан әрі жақсарту;

3) азық-түлік тауарлары мен көпшілік қолды тауарлар бағасының өсіміне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдау;

4) қала және кеттер инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды ағымдағы жөндеуді жалғастыру.

Кент әкімдеріне жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін салық базасын кеңейту бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.

Алдағы сессияның мәселелері мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысының өткізу шеңберінде қарастырылды.

Өткен жылдың басында жаңа сайлау комиссияларын қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды. 4 саяси партия мен 5 қоғамдық бірлестіктер  комиссияларының құрамына өз кандидатураларын ұсынды, 2019 жылғы бірінші сессияда мәслихаттың шешімімен келесі 5-жылдық мерзімге 36 сайлау комиссияларының құрамы сайланды.

Сонымен қатар, сессияда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланды. Кеңес мүшелерінің саны 15-тен 12-ге дейін азайтылды, бірақ онда қоғамдық бірлестіктердің өкілдігі көбейді.

Өткен жылдың басында мәслихаттың хатшысы мен депутаттары әкімдердің халық  және еңбек ұжымдарының алдында есеп беру кездесулерінде қатысты. Осы уақытта, депутаттар сайлау округтерінде есеп беру кездесулерін өткізді, мәслихаттың өткен жылғы жұмысы мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы сайлаушыларды хабардар етті.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс шеңберінде көшпелі отырыстар өтті. «305-шоқы» су құбыры тазарту құрылыстарында депутаттар су тазарту қондырғылары қайта жаңарту бойынша жұмыстар барысымен танысты. Сонымен қатар, депутаттар қала әкімінің қатысуымен Степногорск ЖЭО барды, онда оларды алдағы жылыту маусымына дайындық, көмір және мазут қорлары және т.б. туралы баяндады.

Аймақтағы белгіленген жобаларды іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде, депутаттар - партиялық бақылау бекетінің мүшелері объектілерге шықты, жұмыстарды орындау сапасы мен мерзімдері сақтау, шарттық міндеттемелерді сақтау, уақытылы бюджеттік қаражатты игеру және басқа да мәселелері бойынша мердігерлермен, тапсырыс берушілермен кездесті.

Депутаттық-партиялық ерекше бақылауында қала саябағындағы және стадион алдындағы алаңды қайта құру бойынша жұмыстар болды. Бұдан басқа, депутаттар 9-шы шағынаудандағы 45-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыстарын қадағалады. Объектілерді тексеру барысында сапасын жақсарту жөнінде және жұмыстарды жүргізу мерзімдері бойынша бірқатар нақты ұсыныстар айтылып өтті. Одан әрі, Партиялық бақылау комиссия отырысында, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен атқарылған жұмыс қорытындылары қарастырылды.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау келісілген және бекітілген кестеге сәйкес депутаттармен «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында, кент пен ауылдардың депутаттарымен - кент және ауыл әкімі аппаратның ғимараттарында тоқсан сайын қабылдау жүргізіледі. Халық сайлаушылармен 54 азаматтарды қабылдау жүргізді, проблемалық мәселелерді шешуге 181 адам жәрдемдесуге өтінді, жалпы санынан келіп түскен мәселелердің, оның ішінде оң шешілген мәселелер 156 немесе 86,1 %. Өтініштер негізінен тұрғын үй проблемаларымен, жұмысқа орналасу, абаттандыру, материалдық көмек көрсету, зейнетақы мөлшерін қайта қарау мәселелерімен байланысты.

Сонымен қатар, депутаттық сауал түрінде жұмыс форматы қолданылады өткен жылы 22 жіберілді, олардың көбісі ТКШ мәселелерін жетекшілік ететін, қала әкімі орынбасары, сонымен қатар, құқық қорғау органдары басшылары атына. Алдағыдай 80 %-ға дейін сауалдар тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерімен байланысты.

Депутаттар қала әкімдігі жанындағы құрылған консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысады және ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді қарау бойынша комиссия және 19 кеңес құрамына кіреді. Мәслихат хатшысы қала әкімінің жедел кеңесінің жиналысында, әкімдік отырыстарының жұмысына, өзге іс-шараларға қатысады, осылайша мәслихатты мемлекеттік органдарына, ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және қоғамдық бірлестіктеріне қатысты ұсынады.

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде мәслихат хатшысының міндетін атқарушы О.А. Жағыпаров ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Д.Н. Назарбаеваның қатысуымен өткен, Мәслихаттардың 25 жылдығына арналған республикалық конференцияға қатысты.

Мемлекет басшысы «еститін мемлекет» жарияланған тұжырымдамасына сәйкес халық және бизнеспен тиімді коммуникация жүйелерін орнату бойынша жұмыс жүргізу қажет, халықпен тікелей және кері байланыс орнату үшін барлық жерде тұрақты жұмыс істейтін алаңы істеуге тиіс, осыған байланысты «Горняк» ОМҮ-де қараша айында Бірыңғай Ұлттық азаматтарды қабылдау күні өтті, онда қала әкімімен бірлесіп мәслихат хатшысының м.а., сонымен қатар жергілікті атқарушы билік органдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің, коммуналдық кәсіпорындар мен қала банктердің басшылары қатысты. Барлық степногорлықтарда кез келген мемлекеттік органның, денсаулық сақтау ұйымының, коммуналдық қызмет немесе банктің басшысына өз сұрағын қоюға мүмкіндігі болды.

Депутаттар елдің Премьер-Министрі бастапқы жол берген «Бірге - таза Қазақстан» Республикалық акцияға белсенді қатысты. Және кейінгі «Менің қалам - таза қала» осындай қаланы тазарту бойынша іс-шараларға депутаттар да шетте қалған жоқ.

Сайлаушыларға мәслихат жұмысы туралы ақпаратты ұсыну мақсатында барлық сессияларға, мәслихат өткізетін өзге де отырыстарында БАҚ өкілдері қатысты. Мәслихат шешімдері, өзге материалдары және өткізілетін іс-шаралары туралы ақпарат мерзімді басылымдар мен мәслихаттың интернет-ресурстарында жарияланады. Есепті кезеңде қалалық мәслихаттың maslihat-step.akmol.kz интернет-сайтында, Facebook парақшасында, «Акмолинская правда», «Арқа ажары», «Вечерний Степногорск», «Степногорск ақшамы», «Престиж», «Новая» газеттерінде мәслихат жұмысы, хатшы және депутаттар қызметі туралы мемлекеттік және орыс тілінде 70-нен астам мақала жарық көрді.

Депутаттарға әдістемелік көмек көрсету және олардың қажетті құқықтық ақпаратты алу үшін қалалық мәслихат 2019 жылы «Мәслихат» журналына жазылды.

Депутаттық қызмет барысында бюджетті қалыптастыру, оны атқару, сондай-ақ оған өзгерістер енгізу туралы мәселеге үлкен назар аударады. Мәслихаттың сессиясында 2020-2022 жылдарға арналаған бюджетті қабылдау депутаттар ішінен жұмыс тобынан зерттеу рәсімімен, кейін оны қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өткізілген қоғамдық тыңдауларда талқылау болды.

Депутаттар қала мен кент тұрғындары үшін демеушілік көмек көрсетуіне елеулі үлес қосты. Мысалы, жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке дайындаймыз» Республикалы акциясына қатысты көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға сөмке, жазба және кеңсе керек-жарақтары сатып алынды. Сонымен қатар, «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Кедергізіс болашак» партиялық жобаларына қатысты. Көмек  азаматтарға ғана емес ұйымдарға да осындай оқу орындарына көрсетіледі, мысалы Тау-кен техникалық колледжі үшін орындықтар дайындалды және орнатылды, Индустриялық-техникалық колледжінің қажеттіліктері үшін бояу сатып алынды. Жыл бойы депутаттар спорттық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға, Жеңіс Күнін, Балаларды қорғау күнін, Қарттар мен мүгедектер күнін өткізуге, сонымен қатар мұқтаж азаматтарға, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға іс-шараларды өткізуге көмек көрсетті.

2019 жылды қорытындылай келе, оның маңызды осындай оқиғаларын бөлген жөн: Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары - мәслихаттардың 25-жылдығы және Степногорск қаласының 55-жылдығы депутаттық корпустың  белсенді қатысуымен өтті.

Мәслихаттардың 25 жылдығына орай мерейтойлық медальдармен осы шақырылымдағы депутаттар, мәслихаттың ардагерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға үлес қосқан тұлғалар марапатталды.

Қаланың 55 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, еңбекке қатысты шығармашылық және мінсіз қызметі үшін, қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін сессия шешімімен «Степногорск қаласының құрметті азаматы» атауына Анатолий Иванович Томилов, Марва Мұхамедқалиқызы Өтеуова және Ғалия Банцатқызы Көпеева ие болды. 

 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz