Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылы атқарған жұмысы туралы

Депутаттық өкілеттікті атқару бұл тек қалалық мәслихат жұмысына қатысу ғана емес, сайлаушылармен жұмыс та болып табылады. 2018 жылды қорытындылай келе қалыптасқан көпжылдық дәстүр бойынша өткен жылдың басында депутаттар өз сайлау округтарында жұмыс жүргізгенін, қаңтар-ақпан айларында сайлаушылар алдында есеп беру кездесулерін өткізгенін атап өтуге болады. Халық қалаулылары бұл кездесулерде тек мәслихат жұмысы туралы ғана емес, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы туралы да сөз қозғады.

Бұған қоса депутаттар жылдың аса маңызды оқиғаларының бірі - Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауынан да шет қалған жоқ,   қалалық мәслихат депутаттары Елбасының бастамаларын белсенді қолдап, жергілікті БАҚ беттерінде өз пікірлерін жариялады.

Әдеттегідей, мәслихаттың негізгі қызметі сессия болып табылады. 2018 жылы қалалық мәслихат 13 сессия өткізді, оның 9 кезектен тыс. 110 шешім қабылданды, оның 21 нормативтік құқықтық сипатта және келесі мәселелерді реттейді:

бюджетті бекіту және нақтылау;

әлеуметтік, материалдық көмек көрсету және қолдау;

автотұрақтар санатын белгілеу және автотұрақтар орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту;

тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу;

пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін арттыру;

елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату және төмендету;

кенттер және ауылдар аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін бекіту.

Өткен жыл барысында аймақ үшін аса маңызды мынадай мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

Бестөбе кентінің бас жоспарымен біріктірілген егжей-тегжейлі жоспарлау

жобасын мақұлдау;

«Smart Stepnogorsk» тұжырымдамасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту;

қала аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер енгізу;

2017 жылға арналған қала бюджетін атқару туралы жылдық есепті бекіту;

қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөнінде есебі;

2019-2021 жылдарға арналған қала бюджетін қабылдау.

Негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау барысында депутаттар қаралып жатқан сұрақтар бойынша ұсыныстар жасады.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесі қаралып:

1) қала әкімдігі емхана әкімшілігімен бірге дәрігерлік қызметке жас мамандарды тарту, соның ішінде жас дәрігерлерге тұрғын-үй беру бойынша жұмысты жалғастыру;

2) қалалық емхана әкімшілігі халықтың қан айналымы жүйесі ауруларына шалдығуы жоғары деңгейде болуға байланысты бұл ауруларды алдын алу және ерте диагностикалау, тәуекел тобын құрайтын халықты скринингтік тексеру сапасын арттыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу;

3) қалалық емхана әкімшілігі барлық мүдделі тараптармен бірге халықты флюорографиялық тексеруді толық жүргізу және өңірде туберкулездың таралуына қарсы шараларды қолдану бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

2017 жылға арналған қала бюджетін атқару туралы жылдық есепті бекіту туралы мәселені қарау барысында келесі ұсыныстар жасалды:

1) қала әкімдігі жергілікті бюджет түсімдері жоспарын толық және сапалы атқаруды қамтамасыз етсін, кіріс бөлігін толтыру, салық салу базасын кеңейту бойынша жұмыс жүргізсін; 

2) қаланың экономика және қаржы бөлімі бюджеттік бағдарламаларды атқару қорытындыларын жоспарлауға және қол жеткізуге назар аударсын, алдағы жылдың қала бюджетін жоспарлау мен атқару барысында Тексеру комиссиясының ұсыныстарын ескерсін;

3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражаттарын мақсатты және тиімді игеруді бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттерді сапалы игеруге ерекше назар аударсын.

Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөнінде есебін тыңдау қорытындысы бойынша:

1) Елбасының жыл сайынғы Жолдауы аясында республикалық, салалық және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру;

2) экономиканың нақты секторы және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің бұдан әрі өсуіне әсер ететін қажетті шаралар қабылдау;

3) тіркелген жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмысты күшейту;

4) қала және кеттер инфрақұрылымын жақсарту, шағынаудандар ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуді жалғастыру ұсынылсын.

Сонымен қатар кенттер әкімдеріне жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін салық базасын кеңейту бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.

Есепті кезеңде өткізілген мәлихаттың тұрақты комиссиялары мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырыстарында алдағы сессия сұрақтарымен қатар келесі мәселелер қаралды:

Салықтық әкімшілік ету және қала бюджетінің кіріс бөлігінін арттыру бойынша Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен жүргізетін жұмыс туралы;

тұрғын үй қорының жағдайы туралы;

жер қорының жағдайы және пайдаланылуы туралы;

қаланы жылу беру маусымына дайындау туралы.

Депутат тиімді жұмыс істеу үшін заңнамадағы барлық өзгерістерді назарында ұстау керек. 2017 жылдың желтоқсанында Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы жаңа кодекс қабылданды, сондықтан өткен жылдың қаңтар айында депутаттар мен қоғамдастыққа жаңа Салық кодексін егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында семинар-жиналыс өткізілді. Отырыс қатысушылары алдында МКБ басшысы сөз сойлеп, салық заңнамасының негізгі қағидалары туралы баян етті.

Өткен жылы облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдастық өкілдерімен Сілеті су қоймасы және ондағы балық қоры мен жануарлар әлемін пайдалану туралы мәселе сан рет көтерілді. Нәтижесінде Степногорскта облысытық мәслихаттың депутаттық әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтіп, облыс басшылығына су қоймасының қатты тозған аумақтарын қалыпқа келтіру және оған балық жіберу ұсынылды. Сонымен қатар, депутаттар мен қоғамдастық арқасында Сілеті су қоймасы мәселелерін шешуге Парламент Мәжілісі депутаттары қосылып, бұл мәселе бойынша Премьер-Министр мен Қазақстан Республикасының Бас прокурорына депутаттық сауал жолдады.

Аймақта іске асыру жоспарланған жобалардың атқарылуы барысында Партиялық бақылау бекеттерінің мүшелері - депутаттар объектілерге барып, жұмыстардың атқарылу мерзімінің сақталуын және олардың сапасын, шарттық міндеттердің орындалуын, бюджеттік қаражаттардың уақытылы игерілуін және өзге де мәселелерді қадағалау үшін мердігерлермен, тапсырыс берушілермен кездесті.

Өткен жылы депутаттық-партиялық бақылауға 4-шағынаудандағы аллея және аула жолдарын, 9-шағынаудандағы спорт алаңын ағымдағы жөндеу, 7-шағынаудандағы № 52 үйді күрделі жөндеу, сондай-ақ Ақсу, Заводской кенттеріндегі су бұру жұмыстарының барысы мен Шаңтөбе кентіндегі жаңа қазандық құрылысы кірді. Объектілерді қарау барысында жұмыс сапасасы мен атқарылу мерзімдеріне қатысты бірқатар нақты ұсыныстар жасалды.

Бұдан әрі, мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілген Партиялық бақылау комиссиясының отырысында атқарылған жұмыс қорытындылары қаралды.

Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдаудың бекітілген және келісілген кестесіне сәйкес, қала депутаттары «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кенттер және ауылдар депутаттары кенттер және ауылдар әкімдері аппараттарының ғимараттарында тоқсан сайын қабылдау жүргізеді. Бұған қоса мәслихат хатшысымен Бестөбе кентінде азаматтарды қабылдау өткізілді. Есепті кезеңде халық қалаулылары 52 азаматтар қабылдауын өткізіп, оған өз мәселелері бойынша өтініш білдірген 173 адам қатысты, оның 167-сі оң шешімін тапты. Өтініштер көп жағдайда тұрғын үй, жұмысқа орналасу, абаттандыру, материалдық көмек көрсету, пенсия мөлшерін қайта қарау мәселелерімен байланысты.

Сонымен қатар, депутаттармен депутаттық сауал түріндегі жұмыс форматы қолданылады. Өткен жылы қала әкімінің орынбасарының, құқық қорғау органдары басшыларының, әлеуметтік төлемдердің есепаралық орталығы директорының, Бестөбе кеніші бастығының атына 12 депутаттық сауал жолданды. Сауалдардың көп бөлігі тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерімен байланысты.

Депутаттар қала әкімдігі жанында құрылған консультативті-кеңесші органдар жұмысына қатысады, ведомствоаралық сипаттағы 17 Кеңес пен комиссия мүшесі.

Өткен жылдың 4 мамыры күні қалалық мәслихат сессиясында депутаттар «Smart Stepnogorsk» тұжырымдамасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономика мен қоғамның барлық салаларын цифрландыру үшін дайындалып, қабылданды. Жоба мақсаты - информациялық және коммуникациялық технологияларды қолдана отырып қала инфрақұрылымын дамыту, өмір сапасын жақсарту, қызмет көрсету тиімділігін жоғарылату.

Сондай-ақ жобаны жүзеге асыру барысында «Smart Stepnogorsk» мобильдік қосымшасы әзірленді. Қосымшада азамат өз тіркелу мекенжайына сәйкес бекітілген учаскелік дәрігері мен учаскелік полиция қызметкерін ғана емес, сайлау округін және осы сайлау округі бойынша депутатын да біле алады.

Депутаттық корпус құрамындағы әйелдер Іскер әйелдер ассоциациясының Степногорск қалалық филиалы құрамына кіреді. Оны мәслихат хатшысы басқарады. Шілде айында іскер әйелдер ассоциациясының қалалық филиалы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын уақытша бейімдеу орталығына барып, кезекті отырыстарын өткізді. Тұрмыс жағдайын қарау мен Орталықта бейімдеуден өтіп жатқан адамдармен әңгімелесу барысында іскер әйелдер ассоциациясы тарапынан көрсетілетін көмек туралы мәселелер талқыланды.

Мәслихат хатшысы қала әкімінің жедел жиналыстарына, әкімдік отырыстарына, селекторлық жиналыстарға, өзге де іс-шараларға қатысады, осы арқылы мәслихатты мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынасын жүзеге асырады. Степногорсктан тыс мәслихат хатшысы облысытық мәслихаттың барлық сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, онда ол сан рет қала мүддесіне қатысты мәселелерді көтерді, мысалы мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету туралы, облыс бюджетін бекіту кезінде Шаңтөбе к. мектеп автобусын сатып алу туралы. Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «Қоғамдық кеңестер: қызмет мәселесі мен келешегі» атты республикалық конференция өтті. Конференция жұмысына мәслихат хатшысы қатысты.

Сайлаушыларға мәслихат жұмысы туралы ақпаратты ұсыну мақсатында сессияларға, тұрақты комиссиялар отырыстарына, мәслихат өткізетін өзге іс-шараларға қала телеарнасы мен газеттері өкілдері шақырылады. Мәслихат шешімдері, өзге материалдары және өткізілетін іс-шаралары туралы ақпарат мерзімді басылымдар мен мәслихаттың интернет-ресурстарында жарияланады.

Есепті кезеңде қалалық мәслихаттың maslihat-step.akmol.kz интернет-сайтында, Facebook парақшасында, «Акмолинская правда», «Арқа ажары», «Вечерний Степногорск», «Степногорск ақшамы», «Престиж», «Новая» газеттерінде мәслихат жұмысы, хатшы және депутаттар қызметі туралы мемлекеттік және орыс тілінде 80-нен астам мақала жарық көрді.

Депутаттарға әдістемелік көмек көрсету және олардың қажетті құқықтық ақпаратты алуы үшін қалалық мәслихат 2018 жылы «Мәслихат» журналына жазылды.

Жаңа оқу жылының басында мәслихат депутаттары «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, көп балалы, аз қамтылған отбасылар балаларына арнап кеңсе заттары салынған 11 сөмке сатып алды. Ауылдық елдімекендер депутаттары бұл акцияны өз кенттері мен ауылдарында әкімдермен бірге өткізді.

11 желтоқсан 4 жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған Ақсу және Шаңтөбе кенттері әкімдерінің сайлаулары өтті. Сайлау балама түрде өтті, ұсынылған үміткерлерге сайлаушы-депутаттар дауыс берді, сайлау қорытындылары бойынша Ақсу кентінің әкімі болып М.И. Смағұлов, Шаңтөбе кентінің әкімі болып Е.Б. Мұқанов сайланды.

Депутаттық қызмет барысында бюджетті қалыптастыру, оны атқару, сондай-ақ оған өзгерістер енгізу туралы мәселеге аса назар аударылды. 2019-2021 жылдарға арналаған бюджетті мәслихат сессиясында қабылдаудан бұрын оны қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен өткізілген қоғамдық тыңдауларда талқылау өтті.

«Мектеп асханалары» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында құрамына мәслихат депутаттары, соның ішінде қалалық мәслихат жанындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының басшысы кірген ведомствоаралық сараптамалық топ құрылды. Сараптамалық топтың мектеп асханаларын бақылаудың мақсаты оқушыларға берілетін ас сапасын арттыру, үйлесімді мәзір енгізу, сонымен қатар пайдалы өнімдер үлесін жоғарылату. Бұл партиялық жоба 2018 жылдың соңында бастау алды және ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.

Әдеттегідей, депутаттармен қайырымдылық және демеушілік көмек те көп көрсетілді, мысалы, өткен жылы депутаттар «Нұр Отан» партиясы орналасқан ғимаратты жөндеуге құрылыс материалдарын сатып алу мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражатты жинады, сонымен қатар, олар жыл барысында қала мен кенттерде спорттық, мәдени, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне, Қарттар мен мүгедектер күніне орай өткізілген іс-шараларды өткізуде қолдау көрсетті, мұқтаж азаматтарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек берді.

Біз аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Себебі алдымызда Степногорск аймағы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту бойынша барлығымызға ортақ міндеттер мен мақсаттар бар және біз оларға тек ынтымақтастық пен келісім нәтижесінде ғана қол жеткіземіз. 

 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz