Өмірбаян

Хайрым Кабар, 1973 жылы туған. Жоғары білімді, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия Ұлттық Университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1995 жылы Ерейментау ауданы Күншалған а. Ленинск ОМ тарих мұғалімі болып бастады.

2004-2005 жылдар аралығында Степногорск қ. әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде гуманитарлық пәндер мұғалімі болып қызмет атқарды.

2005 жылы «Ақсу» газетінің редакторы, кейін Степногорск қ. телеарнасының журналисті болып жұмыс істеді.

2005 жылдан 2011 жылға дейін Степногорск қалалық мәслихатында қызмет етті.

2011-2012  жылдар аралығында Қазақстан Респубикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Корпоративтік даму департаментінің Тілдерді дамыту басқармасында сарапшы болып қызмет атқарды.

2012-2016  жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен, сондай-ақ қоғамдық жұмыспен айналысты. Қалалық мәслихат хатшысына сайланғанға дейін «Халық қазынасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды.

2016-2021 жылдар аралығында Степногорск қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының директоры болып қызмет атқарды.

 

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz