03.04.2013 ж. 15-ші сессияда қалалық мәслихаттың депутаты Г. Әбілованың «Степногорск қаласында Жұмыспен қамту 2020 республикалық бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы» мәселесі жөнінде сөз сөйлеуі

Құрметті төралқа!

Құрметті депутаттар мен қатынасушылар!

Мемлекет пен оның азаматтарының әлеуметтік берекесі, біріншіден, халықты жұмыспен қамту деңгейіне байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы алдымен дербес жұмыс істейтін, аз қамсыздандырылған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тартуға, жұмыссыздық, соның ішінде әйелдер мен жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ халықтың табысын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, біздің кәсіпорнымыз «Балу-2005» ЖШС-і Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады.

«электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша оқытылғаннан кейін біздің кәсіпорнымызда 2 адам жұмыс істейді, олар жұмыстарын жақсы атқарады.

Мамандықты алғанша шейін - олар айына 25-30 мың жалақысын алатын әр түрлі жұмысты атқаратын жұмысшылар болды. Ал, қазір, олардың жалақысы шамамен 70 мың теңгені құрайды, оларға сұраныс бар, мәртебелері өсті, әлеуметтік деңгейлері, өмірге қарым-қатынасы өзгерді, бұл мемлекеттік Бағдарламаның нақты жұмысының нәтижесі.

Біз екінші жыл жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеміз, назарларыңызды мамандарды, соның ішінде степногорлық оқу орындарын бітіргендерді кәсіби дайындау деңгейінің кемдігіне аударғым келеді. Қазір 21 ғасыр, ал жас маман бухгалтерлер болса 1С бухгалтерия бағдарламасымен таныс емес, заңгерлер ҚР Салық кодексін білмейді, экономисттер мен финансисттер өмірдегі бар нарық экономикасымен таныс емес.

Атап айтқанда, басынан бастап үйрету қажет. Бізге - жұмыс берушілерге маман ұнаса, біз оны жұмысқа орналастыру үшін қандай да бір мүмкіндік табамыз, жақсы жұмысшылар нарықта сұраныста. Мысалы, бізде жастар тәжірибесінен өтетін маманға 15 мың теңге қосымша төлейміз.

Былай қарасаң, жұмыс берушіге мемлекет есебінен жалақы алатын маман ұстауға пайдалы, ал жұмыста біліктілігі төмен маман көмектеспектен бұрын, өндірісте кедергі болады, оның үйренуіне бөлімше маманының жұмыс уақыты кетеді.

Мәселе нарықта заңгерлер және бухгалтерлер мен экономисттердің молшылығында емес, мамандардың біліктілік деңгейлерінің төмендігінде. Бұл мәселе орта-арнайы және жоғары білім беретін оқу орындарына қатысты, бірақ оны барлық деңгейде көтеру қажет.

Ауыл шаруашылықтағы кадрлардың тапшылығы туралы бірер сөз қозғасақ.

Біздің кәсіпорнымыздағы механизаторлардың орташа жасы 50-55 жас, олар жақсы мамандар, зор тәжірибелері бар, бірақ қазіргі заманауи компьютерленген жабдықтар, көпфункционалды кешендер үшін жаңа технологияларды білу қажет.

Осындай кешенде көктемгі-күзгі кезеңде механизатор 2 млн.теңгеге дейін табыс таба алады, менің ойымша бұл жеңіл емес жұмыс үшін лайықты төлем.

Бағдарламаның ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2-ші бағытын дамытудың келешегін ескерсек, біздің өңірде ауыл шаруашылық қалыптастырулар үшін кадрлардың сұранысы және оларды біздің колледждердің базасында дайындау мүмкіндігі жөнінде мәселені зерделеу қажет деп есептеймін.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екіжылдық кезеңі бойы біздің азаматтарымызды оқыту, жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу, өзінің ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге несие алу бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік, атап айтқанда Жұмыспен қамту бағдарламасының негізгі нысаналы индикаторы болып табылатын олардың тіршілік сапасын арттыруға үлес қосылды.

Назарларыңызға рахмет.

 

Байланыс телефондары: 8 (716 45) 6-26-50
e-mail: maslihat@stepnogorsk.gov.kz