Степногорск қалалық мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер! Біздің интернет-сайт азаматтарды мәслихат жұмысы жөнінде хабардар ету үшін, сайлаушылар мен депутаттар арасында өзара байланыс жүргізу үшін жасалған. Сіздер қалалық мәслихаттың ресми сайтында мәслихат тарихымен танысып, депутаттар мен аппарат туралы, мәслихаттың тұрақты комиссиялары, қоғамдық кеңес қызметі мен сайлау комиссиялары жөнінде мағлұмат ала аласыздар. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен және олардың жобаларымен, қабылданған шешімдермен, мәслихаттың жұмыс жоспарымен таныса аласыздар. Сонымен қатар, мәслихат жаңалықтарын оқып, депутаттарға өз сұрақтарыңызды, ұсыныс-пікірлеріңіз бен шағымдарыңызды хатшы блогында қалдырсаңыздар болады.
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы
Кабар Хайрым